Орталық Азия әлем назарында: аймақ беделінің артуына не себеп?
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Ал, бесеу ше? Бесеу бекем болса, беделі мен берекесі артады. Орталық Азияның бес елінің соңғы кездердегі ынтымағы осының айғағы. АҚШ пен Қытай бастап, Италия қостаған әлемнің басқа да алпауыт елдері Орталық Азия +1 ел форматындағы кездесулерді жиілете бастады. Неге Орталық Азияға деген әлем назары артып кетті? Аймақтың нақты лидері қай ел? Сыртқа бір жұдырық болып көрінетін бес мемлекет – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан шын мәнінде ішкі түйткілдерін қалай шешіп жатыр? Су, жарық, шекараға талас қалай реттелуде? Жалпы реттелді ме? «Жаһан жайының» осы жолғы санында дәл осы мәселелерді көтереміз.

