Түркі мемлекеттерінің ортақ нарық құруына не кедергі?

Түркі мемлекеттерінің ортақ нарық құруына не кедергі?

Әлемдік саясатта «интеграция» деген ұғым бар. Бұл елдердің саяси-экономикалық, мәдени немесе аймақтық тұрғыда өзара бірігіп, ортақ ережелермен институттар құруы. Әлемдік интеграцияның ең үздік үлгісі - БҰҰ, ДСҰ, ХВҚ, ЕО, ТМД сияқты мүдделік, салалық және аймақтық институттар өте көп. Бүгін біз соның ішіндегі бауырлас халықтар интеграциясына тоқталамыз. Ол тарихи, мәдени, тілдік және экономикалық ортақтыққа негізделген.

Түбі бір халықтар бірлігінің үлгісі ретінде Түркі мемлекетері ұйымдары, Скандинав кеңесі, Араб мемлекеттері лигасы, Шығыс Азия үштігі сияқты бірлестіктерді атауға болады. Түркі бірлігі ұғымының ұтымды тұстары қандай? Ынтымақтастыққа арналған түрлі ұйымдар немен айналысады? Жалпы, біз, бір-бірімізді шынымен қолдаймыз ба? Сауда-саттығымыз қай деңгейде? «Жаһан жайының» бүгінгі шығарылымы түркі халықтарының экономикалық қарым-қатынасы туралы болмақ.