«Цифрлық теңгеге ақша сал да, тез байы!»: алаяқтардың жаңа айласы

«Цифрлық теңгеге ақша сал да, тез байы!»: алаяқтардың жаңа айласы

Цифрлық теңгеге ақша сал да, тез байы! Соңғы кезде осындай жарнамалар әлеуметтік желіде қаптап кеткен. Ұлттық банк бұл алаяқтардың құрған тұзағы деп ескертті. Қаскөйлер жарнамада «мемлекеттік жоба», «Ұлттық банк кепілдік береді» деп сендіріп, адамды бөтен сайттарға кіргізеді. Тіпті жалған қосымша арқылы ақшаңыз еселеніп жатыр деп тұзаққа түсіреді. Есте сақтаңыздар, цифрлық теңге - бұл жай ғана төлем құралы. Ол инвестиция емес және табыс табуға арналмаған. Өзіңізді қорғау үшін бейтаныс сілтемеге өтпеңіз, белгісіз нөмірге сенбеңіз, sms-код, карта деректерін ешкімге бермеңіз. Жалпы соңғы 3 жылда 100 млн-нан астам күмәнді қоңырау бұғатталған. Соның арқасында интернет-алаяқтық деректері былтырға қарағанда азайған. Дегенмен, әлі де кейбір алаяқтар мемлекеттік мекемелер атынан хабарласып, жалған инвестицияға ақша салуға шақырып жатады.