Creative Aimaq көрмесі өтті
Алтын Орданың тарихи мұрасы мен Ұлытау облысының креативті әлеуеті елордада таныстырылды. Екі күнге созылған «Qazaq Creative Hub» алаңында өткен «Creative Aimaq» көрме-жәрмеңкесі мәресіне жетті. Киелі өңірден келген 60-қа жуық шебер бірегей бұйымдарын ұсынып қана қоймай, тың цифрлық жобаларды да таныстырды
Көздің жауын алатын
мына әдемі киімдердің авторы - Айдана Кашенова. Ол көпбалалы ана. Заманауи
киімдерге ою-өрнекті биік талғаммен үйлестіре білетін шебер. Осыдан бір жыл
бұрын мемлекеттен қолдау алып , өз ісін бастаған. Ендігі мақсаты - кәсібін
үлкейту. Ал елордада өткен мына жәрмеңке ол үшін таптырмас мүмкіндікке айналды.
Себебі, жәрмеңкенің алғашқы күнінен оның туындыларына қызыққандар аз емес.
Кәсіпкер тіпті бірнеше тапсырыс та қабылдап үлгерген.

