Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия ведомстволары арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша келіссөздердің нәтижелері қаралды. Отырысты Премьер-Министр Әлихан Смайылов жүргізді. Тараптар жүк тасымалдаушылардың мәселелерін шешетін бірлескен кәсіпорын құруға келісті. Қазіргі таңда Қытай шекарасында жүктердің тұрып қалуы жоқ. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы мәлімдеді. Райымбек Баталовтың айтуынша, Беларусь шекарасында тауарлардың тоқтап қалуы туралы бизнестің бұған дейін жарияланған ақпараты да расталмаған.