«Дайдидау» кітабы 4 тілде жарық көрді

«Дайдидау» кітабы 4 тілде жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Дайдидау» әнінің авторы Мағжан Жұмабаев болуы мүмкін. Бұл туралы арнамыздағы «Бүгін. Live» бағдарламасында ақын әрі жазушы Абылай Маудан айтты. Оның сиясы әлі кеппеген «Дайдидау» кітабында осы әннің шығу тарихы жазылған. Әнде туған жерге деген сағыныш, махаббат, жүрек сыры мен заманның трагедиясы секілді сезімдер бейнеленген. Абылайдың пайымдауынша әннің мазмұны Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық стиліне үйлеседі. Мұндай туындылар тек халық жадынан ғана емес, нақты бір автордың жүрек үні болуы да мүмкін. Сол себепті де бұл әнді жазған Мағжан Жұмабаевтың өзі болуы да ықтимал екенін жоққа шығармайды.  Жақында жарық көрген кітап – 5 мың данамен шыққан. Туынды 120 беттен, он тараудан тұрады. Ол қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде бір мезетте басылып шыққан екен. Кітаптың бір данасын Димашқа сыйлық ретінде  анасынан беріп жіберіпті. Ал, қалған оқырмандар бұл туындыны бір айдан кейін кітап дүкендері мен маркетплейстерден сатып ала алады.