Дипфейк таратқандарға жаза күшейеді

Дипфейк таратқандарға жаза күшейеді

Елде жалған жарнама жасап, таратқандарға жаза күшейеді. Бұл туралы жасанды интеллект пен цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Мәжілісте айтты. Енді өнімде жасанды интеллект қолданылса, тұтынушыға бұл туралы міндетті түрде хабарланады, яғни арнайы белгі қойылады. Себебі, соңғы уақытта әлеуметтік желіде танымал тұлғалардың бейнесін пайдаланып жалған жарнама тарататындар көбейген. Биыл мұндай 61 іс сотқа жетсе, арнайы орталық екі айдың өзінде 20-дан астам қылмыстың жолын кескен.