Домбыра сабағы Гиннес Рекордтар Кітабына енуі мүмкін

Елордадағы Зияткерлік мектеп Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін. Білім ұясының биылғы оқу жылындағы соңғы сабағына 1032 оқушы қатысты. Рекорд «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен тіркелмек. Оны еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізді. Ұлттық аспапты жетік меңгерген шәкірттер   күй тартып қана қоймай  түрлі туындылардың шығу тарихы жайлы дәріс тыңдады. Келушілер оқушылардың орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» күйлерін тыңдады. Гиннесс рекордтар кітабының өкіл болып келген 25 стюард пен 2 байқаушы шараны онлайн форматта қадағалап, бейнежазбаға түсірді.  

 Гүлдана Әбенова, куәгер:

– Мың бала саны толық болды ма? Соның бәрін қарап қадағаладық. Әр адамды бір қатарға жауапты қылып қойдық. Сол қатарды қадағалап отырдық. Қазір аяқталды, ештеңе байқалған жоқ. Дұрыс өтті, балалардың бәрі қатысып отырды, домбыраларымен айнап отырды, бәрі жақсы өтті.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру Ұйымының Төрағасы:

– Былтыр мектептің өзіне осындай идея келді. Идея келгеннен кейін біз Гиннесс кітабына хат жаздық. Олар хатымызды қабылдады. Содан кейін бізге жалпы сабақ ретінде өтсін деп айтты.   Жалпы ұлтттық аспаппен ойнап қатысқан ең көбі 250 деді, біз барлық мектеп оқушылары ойнайды дедік. Біздің ең негізгі мақсатымыз балаларымыздың құлағында күмбірлеген домбыраның үні тұрып, ертең даланы, Отанын, туған жерін әр уақытта есіне салып тұратын, сағынып тұратын ел үшін еңбек ететін азамат тәрбиелеу.