Микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі

Микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі

Енді қазақстандықтарға 8 млн теңгеден аса кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай ұсыныс енгізбек. Бұл қаулы қазір ашық нормативтік актілер порталында жарияланған. Құзырлы орган құжаттың әлеуметтік маңызы жоқтығын айтады. Ал, сарапшылар олай санамайды. Себебі, шешім халықтың жағдайына емес, банктердің мүддесіне қарай қабылданған деп есептейді.