Дональд Трамп Президент сайлауында жеңіске жетті

Дональд Трамп Президент сайлауында жеңіске жетті

АҚШ-тағы Президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті. Ол сайлаушылар алқасының қажетті 270 дауысынан асып түсіп, 277 ұпайды бір-ақ жинады. Оның басты қарсыласы Камала Харрис 226 дауыс жинады. Саяси науқан биржа индекстеріне де оң әсер етті. Активтерінің бір бөлігін криптавалютамен ұстайтын Трамптың арқасында биткоин бір күнде 9 пайызға қымбаттады. Мұнай бағасы да көтерілген. Brent маркалы мұнай фьючерстері 45 центке, ал WTI 52 центке өсті.