«Dosti Skills» халықаралық салалық чемпионаты басталды
Ақтауда «Dosti Skills Aktau2025» халықаралық салалық достық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Байқау «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында арнайы ұйымдастырылды. «Dosti Skills» – жастар арасында кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында өткізілетін техникалық чемпионат. Оған Австрия, Ресей, Сауд Арабиясы, Қытайдан және республиканың түкпір-түкпірінен қатысушы студенттер мен сарапшылар келді.

