Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Үкімет басшысының айтуынша, дипломатиялық нысан республика өңірлері мен Ресей Федерациясы аймақтары мен іскерлік топ өкілдерін байланыстырып отырады, сондай-ақ, тиісті консулдық қызметтерді жүзеге асырады. Консулдық Орал федералды округінің бүкіл аумағын, атап айтқанда Свердлов, Челябі, Қорған, Түмен облыстарын, сонымен қатар Пермь өлкесін қамтиды. Жалпы осы консулдық округтың аумағында 90 мыңнан астам қазақ тұрады, оның ішінде Қазақстаннан келген 7 мыңнан астам студент бар.