Экспортерлерге арналған транзиттік маршруттар бойынша оқыту курстары іске қосылды

Онда кәсіпкерлер Орталық Азиядан экспорттаушылар үшін қалыптасқан тарихи логистикалық маршруттар, сондай-ақ бизнесте тауар жолында туындайтын негізгі проблемалар және шекара маңы инфрақұрылымының ерекшеліктерімен таныса алады. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы халықаралық сауда орталығы Республиканың Сауда және интеграция министрлігі  және Сауда саясаты орталығымен бірлесіп экспорттаушыларға арналған білім беру курстарының топтамасын іске қосқан еді. Шағын және орта бизнестің 100-ге жуық өкілі қазірдің өзінде 4 негізгі тақырып, атап айтқанда  «Халықаралық сауда ережелері», «Экспорт процесі», «ЕО нарығының талаптары», «Сапа және сәйкестік» бойынша курстардан өтті. Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, курс мамандандырылған білім беру платформасында тегін түрде қолжетімді.