Қазақстан халқының саны қанша?

Қазақстан халқының саны қанша?

Ұлттық статистика бюросы елдегі демографиялық ахуал бойынша 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығындағы деректерді жария етті. Қазір елімізде 19 832 737 адам тұрып жатыр. Оның 12 млн астамы қала тұрғындары, 7 жарым мыңнан жоғары азамат ауылда өмір сүреді. Республика тұрғындары санының артуына ең алдымен туу көрсеткішінің жоғарылауы ықпал еткен. Жылдың алғашқы тоқсанында елімізде  93 мың сәби дүние есігін ашты. Сәбилердің басым бөлігі Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында өмірге келген.