Қызылордада жастар күнінен орай ашық аспан астында концерт өтті

Қызылордада жастар күнінен орай ашық аспан астында концерт өтті

«Жастармен бірге!». Қызылордада халықаралық жастар күніне орай OPEN AIR форматында мерекелік шара өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған ерекше шараға Сыр өңірінен шыққан өнер жұлдыздары қатысып, әннен шашу шашты. Форум барысында «Мүмкіндіктер алаңында» атауымен ашық вакансиялар жәрменкесі де ұйымдастырылған.

Қызылордада Халықаралық жастар күні он күн қатарынан аталып өтті. «Жасыл ел» жасағының сарбаздары экологиялық марафонға қатысып, туған жердің тазалығына атсалысса, еріктілер түрлі қайырымдылық шараларға қатысып, игі іске ұйытқы болды. Ал, «Мүмкіндіктер алаңында» жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен кәсіпкерлік көрмесі ұйымдастырылды. Жастар күніне арналған қорытынды шара ерекше форматта өткізілді.