Белгілі француз ғалымы қазақ халқының дарындылығына тәнті болды

Дарындылық қазақтың қанында бар. Бұл туралы Нобель Фест фестивалінде француз ғалымы – Паскаль Майер мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақтың ерекшелігін танымал әнші – Димаш Құдайбергенов пен биоқауіпсіздік саласындағы ғалым, отандық вакцинаны жасап шығарған – Күнсұлу Закарияны көргеннен кейін бірден түсінген. Әлемдік «Серпіліс» премиясының лауреаты, Францияда «QazVac» екпесі жақсы бағаға ие болғанын жеткізді. Антивирустық препаратты жасап қана қоймай, оның клиникалық тексерістен өткізу ғалымның айтуынша, керемет нәтиже. Өз сөзінде «Ғылыми Оскар» атанған премия иегері қазір жасанды интеллект технологияларының қолданылу аясы кеңейіп жатқандығына баса назар аударды. Француз ғалымы, жасанды интеллектті зерттеп келе жатқанына жарты ғасыр болған екен.

Паскаль Майер, Әлемдік «Серпіліс» премиясының лауреаты:
-
Мен орта мектепте оқып жүрген кезімнен жасанды интеллектпен жұмыс істеп келемін. Ол кезде, өткен ғасырдың 70-і жылдары нейрожүйенің бағдарламасын жасау үшін қарапайым есептегішті пайдаландық. Сол мезетте нейрожүйе анализ жасай алмаса да, білім алып, жаңашылдыққа жол ашатын мүмкіндік беретінін түсініп үлгердім.