«Жеңіске 80 жыл: Kazinform фотошежіресі»
Енді тарихтан сыр шертетін ескі суреттерді
еліміздің барлық теміржол вокзалдары мен әуежайындағы экрандардан көре аласыз.
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі фототілшілерінің соғыс жылдары түсірген
80 бірегей суреті көрмеге қойылды. Мәселен, «Нұрлы жол» вокзалында ашылған
көрме төрт тақырыпқа топтастырылды: «Екінші дүниежүзілік соғыс – 1939–1945 жылдар»,
«Панфиловшы батырлар», «Тылдағы әйелдер еңбегі» және «Теміржол. Соғыс жылдары,
соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі кезең». Өкінішке қарай, сол кезеңдегі
көптеген фотосуреттердің авторларын анықтау қиынға соқты. Көнерген фотоларды
қалпына келтіру жұмысы жалғасуда.

