Елге Ауғанстаннан 35 қандас жеткізілді

Елге Ауғанстаннан 35 қандас жеткізілді

35 этникалық қазақ Ауғанстаннан Қазақстанға эвакуацияланды. Қандастарымызды атамекенге қайтару Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан ұшып шығып, Алматы әуежайына қонды. Жолаушылардың барлығы карантиндік шараларды өту үшін оқшаулау орталығына жеткізілді. Рейс «талибан» қозғалысының келісімімен жүзеге асты, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігі. Қазір Кабул қаласындағы Қазақстанның елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Дипломаттар ауған жеріндегі қандастармен тұрақты байланыста. Олардың ұлтын растау жұмыстары жалғасуда.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар» қорының вице-президенті:

- Алматы әуежайына Ауғанстан аумағынан этникалық қазақтардың бірінші легі келіп қонды. Өзіміздің қандастарды Ауғанстаннан шығару Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Кабулдағы елшілігінің қолдауымен болған еді.

Хасан Дерман, қандас:

- Маған көмектесіп, қолдап келгендіріңіз үшін үлкен рахмет. Қазақстан Президентіне, өзге де қол ұшын беріп көмектескендерге, журналистерге, Ауғанстанданғы елшілікке алғысым шексіз. Аман болыңыздар! Атамекенге, тарихи отанымызға келгенімізге қуаныштымыз. Жұбайым келе алмады. Паспорты жоқ.