Елімізде коронавирустың таралуы бойынша «қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды
Қазақстанда өңірдің эпидемиологиялық ахуалын айқындайтын жаңа түс пайда болды. Бұл туралы елдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа жарлығында айтылды.
Вирустың таралуы бойынша қауіптің «жасыл», «сары» және «қызыл» деңгейлеріне «қоңыр-қызыл» аймағы қосылды. Оған ауыру қаупі жоғары өңірлер, яғни, стационарлардың 70% толған қалалар мен аудандар кіреді. Сонымен қатар қаулыда тағы бір «Ashyq көшбасшылары» деген мәртебе енгізілген. Бұл келушілердің саны көп тіркелетін бизнес нысандарына қосымша артықшылықтар береді. Яғни жұмыс режимін ұзартуға және ғимаратқа кіруге болатын адам санын тағы 10% көбейтуге жол ашады.