Елімізге Қытайдан келетін туристер 20 есе көбейді

Былтыр елімізге Қытайдан 367 мың адам саяхаттаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20 есе көп. Сарапшылар шығыстан туристердің көптеп келуіне екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі ықпал еткенін айтады. Осы жеңілдіктің арқасында соңғы бес айдың өзінде елімізге 126 мың адам қыдырып келген. Олардың көбі Алматы, Шымкент және Ақтауға барған. Сондай-ақ, Жібек жолы бойындағы туристік қалалар альянсындағы тарихи шаһарлардан да адам аяғы үзілмей келеді. Атап айтсақ, Қонаев, Шымкент және Түркістан қалаларына қызығушылығы ерекше. Еске салсақ, биыл Қытайда ресми түрде «Қазақстан туризмі» жылы деп жарияланды. Бастама аясында екі ел арасында туристік пойыздар қатынайды. Оның алғашқы легі жақын күндері Алматыға келеді.