Қазақстан, Әзербайжан және Грузия бірлескен логистикалық компания құруға уағдаласты

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту мақсатында тиісті келісімге қол қойды. Бұл туралы ел Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Бірлескен компанияның басты міндеті – Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдауды жүзеге асыру. Сонымен қатар  барлық процестерді барынша жеңілдету және жылдамдату көзделуде. Жоспарлар ойдағыдай жүзеге асса тауар жеткізу мерзімі 53-тен 23 күнге дейін, кейін 2 аптаға  дейін қысқарады. Сонымен қатар құжат көлік дәлізін барынша цифрландыруға мүмкіндік береді. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін ірі халықаралық инвесторларды тарту жоспарлануда.