Үкімет: Сәуір айында 441 мың тонна дизель отыны өндіріледі

Сонымен қатар сәуір айында тағы 441 мың тонна өнім өндірілуі мүмкін. Осылайша, дизель отынының осы айдағы жалпы көлемі шамамен 750 мың тоннаға тең келмек. Бұл туралы Үкіметтің үйлестіру орталығының отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.  Мемлекет өңдеу кәсіпорындарында тұрақты өндірісті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдап жатыр дейді салалық ведомства өкілдері. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, мұнай өнімдерін жөнелту басталды. Сонымен қатар еліміздегі 3 мыңнан астам жанармай құю станциясына талдау жүргізілген. Бұл ретте отын бола тұра, сауда-саттық көлемі азайып кеткен нысандарға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде тапшылықты қолдан жасаған 152 жанармай бекетіне шара қабылданды.