Бюджеттің 337,5 млрд теңгесі заңсыз жұмсалған

Бюджеттің 337,5 млрд теңгесі заңсыз жұмсалған

Соңғы 8 айда мемлекеттік мекемелерге 791 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 337,5 млрд теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты. Ол Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекеттік қаржыны цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндады. Биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге көлемінде кіріс түскен. Оның 15,2 триллион теңгесі салық түсімдеріне тиесілі. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23,4 пайызға жоғары. Сондай-ақ, Министр салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру шаралары, арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты ілгерілетуді тапсырды.