Үкімет инфляцияны тежеу жоспарын құрды

Үкімет инфляцияны тежеу жоспарын құрды

Бүгін Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда қозғалған басты тақырып - инфляцияны тежеу. Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляция 11,8%-ды құраған. Қазір Үкімет пен Ұлттық банк қымбатшылықты тұрақтандыру үшін қысқа әрі ұзақмерзімді кешенді жоспар әзірлеген. Онда тарифтік саясат болжамдылығын арттыру, базалық тауарларға бағаны тұрақтандыру және инфляциялық күтулерді төмендету жатады. Сондай-ақ, отандық өндірісті қолдау, ішкі нарықты қанықтыру және сауда үстемелерін бақылау жалғасуда. Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері 15% шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 847 әкімшілік қаулы шығарылған. Жауапкершілік күшейтілген ескертулердің орнына айыппұлдар қарастырылған.