Елорда күніне орай 100-ден астам шара өткізіледі

Мереке аясында елордада 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Әкімдіктің хабарлауынша, бас шаһардың ширек ғасырлық мерейтойын тойлау бүгіннен басталады. Осыған орай «Аялаған Астана» байқауының гала-концерті өтеді.  Одан кейін «Домбыра дастаны» шоу-концерті, жергілікті ақын-жазушылармен кездесулер циклі, Қазақстанның күйшілері мен жыршыларының шығармашылық кеші, кітап фестивалі, цирк қойылымдары, мюзикльдер, спектакльдер, театрландырылған көріністері эстафетаны алады. Сондай-ақ «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-ысқақ кеші мен бірнеше шоу бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал, 6 маусым күні елордада «Гүл Астана» экофестивалі, Республикалық суретшілер плэнері және ашық аспан астында «OPEN AIR» мерекелік концерті өтеді.