Елордада II Елизавета атындағы гүлзар пайда болады

Елордада II Елизавета атындағы гүлзар пайда болады

Бұл жөнінде еліміздің сыртқы істер министрлігінің брифингінде мәлімделді. Мәртебелі мейман ел Президенті мен Премьер-министрдің қабылдауында болады және сыртқы саяси ведомства басшысымен кездеседі. Сондай-ақ осы күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Фолькер Тюрктың Астана қаласына жұмыс сапары өтетіні белгілі болды.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер миниистрлігінің  ресми өкілі:

- Тюрктың мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен кездесулері жоспарлануда. Сонымен қатар, Жоғары комиссар биыл атап өтілетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс өткізеді. 17 наурызда БҰҰ-ның ғимаратында сапардың нәтижелері бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді.