Елордада «Ол қыз» атты суретшілер көрмесі ашылды

Елордада «Ол қыз» атты суретшілер көрмесі ашылды

Бүгінгі қоғамның нәзік жандыларын қандай мәселелер толғандырады? Бұл сұрақтың жауабын елордада өтіп жатқан «Ол қыз» атты ұжымдық көрмеден табуға болады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен   ана -  ұлт тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деген құндылық заманауи ортада ұмытылып барады дейді, ұйымдастырушылар. Сондықтан да, бір топ отандық қылқалам шебері әйелдер қауымының жан айқайын батыл еңбектері арқылы жеткізуге тырысқан. Барлығы 9 автордың 50-ге тарта туындысы бала тәрбиесінің мәні, гендерлік теңсіздік, тұрмыстық зорлық-зомблылық тақырыбын арқалайды.

 Айгерім Мәжітхан, суретші, көрме кураторы

– Бұл жерде өзімнің «Өмір өзен» деп аталатын фотосерия шығарылған. Ол  - яғни, ана баласын өсіру үшін өзен өмір секілді әр түрлі қиын жағдайлардан өтеді деген пәлсаналық тұрғыда мен осы мәселені қарастырамын. Бұл заманауи бағыттағы көрме болғандықтан бұл жерде шектеу жоқ. Инсталляция әр түрлі заттардан құрастырылған, фото болсын немесе матаға салынған сурет болсын, кескіндеме түрлі жанрда жасалған суреттерді қабылдадық.   

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов