Елордада ЖЭК және қалдықтарды өңдеу бойынша vi Еуразиялық бизнес-форум өтіп жатыр

Елордада ЖЭК және қалдықтарды өңдеу бойынша vi Еуразиялық бизнес-форум өтіп жатыр

Елордада жетекші отандық және шетелдік сарапшылар жасыл энергетиканы дамыту тақырыбын талқылауда. Жаңартылатын энергия көздері және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша алтыншы Еуразиялық бизнес-форум жұмысына Ұлыбритания, Латвия, Германия, АҚШ, Орталық Азия елдерінің 200-ден астам мемлекеттік органдарының өкілдері мен сала мамандары қатысуда. Жиналғандар ұлттық және өңірлік деңгейлерде қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытуда тиімді шешімдер табуға ниетті. Сондай-ақ, қолжетімді технологияларды енгізу бойынша елдердің озық тәсілдері мен тәжірибелерін қолдану, утиль алымының мөлшерлемесін өзгерту, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару жүйелерін жаңғырту, экожобаларды дамыту тақырыптарын да талқылайды. Форум қорытындысы бойынша қатысушы елдер жасыл экономика мен қалдықсыз өндірісті дамыту жолында бірлескен ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

– Экологиялық кодекске сәйкес, қалдықтарды басқару жұмысында жергілікті атқарушы органдардың атқаратын ролі зор. Осы ретте жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп нақты қай жерде қолдау қажет екенін және өз жұмысымызды қай жерде күшейте алатынымызды бақылайтын сессия бар. Бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жақсарту үшін тағы не істей аламыз? Мұндағы шешімдердің бірі - болып циркулярлық экономиканы дамыту. Бұл әрине, тәсілдерді қайта қарап шығуды талап етеді.