Грузия Премьер-Министрі ресми сапармен келді
Қазақстен мен Грузия жасанды интеллектінің бірлесе дамытуға бейіл. Грузия Премьер-министрі Ираклий Кабохадзе Қазақстанға ресми сапармен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманды Тәуелсіздік сарайында салтанатты қарсы алып, келіссөз жүргізді. Сапар аясында стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл екі ел арасындағы көп жыл бойы жалғасып келе жатқан тығыз ынтымақтастықтың заңды жалғасы болмақ. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 180 млн доллардан асқан. Ал, биыл жыл басынан бері алыс-беріс 53 млн доллар болды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше экспорт төмендеп, Грузиядан келетін тауарлар көлемі артқан. Бізден көбінде мақта, шаш күтіміне арналған тауарлар, мұнай өнімдері, аяқ киім мен көмір көп алады. Ал, Грузиядан балық, минералды су, мал-шаруашылығына қажетті өнімдерді импорттаймыз. Ираклий Кабохадзенің бұл сапары алыс-берісті арттыруға ықпал етпек.

