Инватакси беру тәртібі қайта қаралады

Инватакси беру тәртібі қайта қаралады

Енді инватакси қызметін алу тәртібі нақты айқындалады. Яғни, бұл қызметті кімдер пайдалана алатыны арнайы тізім арқылы белгіленбек. Сол тізімде қандай жағдайда, қандай медициналық көрсеткіштер бойынша көмекші көлік берілетіні анық жазылады. Осының нәтижесінде инватаксиге шынымен мұқтаж адамдар нақты белгіленіп, қызмет әділ әрі рет-ретімен көрсетіледі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар инватаксимен сапардың ұзақтығын өңірдің қажеттілігіне қарай өздері белгілей алады. Бұдан бөлек, 18 жасқа толған мүгедектігі бар азаматтарды жеке көмекшілердің алып жүруіне рұқсат беріледі. Бұл олардың жүріп-тұруын жеңілдетпек. Сондай-ақ, енді экологиялық таза автобустарға басымдық беріліп, қоғамдық көлікке қатысты талаптар да жаңартылады. Яғни, алдағы уақытта қызмет сапасы да, қолайлылық та арта түспек.