Жол қауіпсіздігі күшейеді

Жол қауіпсіздігі күшейеді

Дрондардың көмегімен жол ережесін бұзған 3600 адам анықталды. Ал, олардың іске қосылғанына 3-ақ ай болды. Жол қозғалысын қалт жібермейтін бұл құрылғылар кейбір облыстарда атымен жоқ екен. Бүгін Үкіметте жолдағы қауіпсіздікті күшейту мәселесі тағы да пысықталды. Өйткені жыл басынан бері 23 мың апат тіркеліп, 1 жарым мың адам опат болған.