Ірі шетелдік инвесторлар салықтық жеңілдіктерге ие болады
Қазақстан ірі инвесторларға бірқатар салықтық жеңілдік ұсынады. Қазақстандық жобаларға қаржы салатын ірі шетелдік инвесторлар бірқатар салықтық жеңілдікке ие болады. Осылайша олар корпоративтік табыс салығынан толығымен босатылмақ. Сарапшылардың пікірінше, бұл көптеген инвесторды тартып қана қоймай, сонымен қатар оларды жер мен мүлік алымдарынан босатады.
Арман Байғанов, экономист:
- Қазақстанда инвестициялық кәсіпкерлер үшін түрлі жеңілдіктер ұйымдастырылған, өйткені шетелдік инвестициялар мемлекет экономикасына оң әсерін тигізеді. Шетелдік инвесторлармен, бірінші кезекте, инвестициялар кіріп, негізгі құралдар жаңартылады. Сондай-ақ заманауи технологиялар келеді. Яғни шетелдік инвестициялар арқылы мемлекет неғұрлым прогрессивті компаниялардың тәжірибесімен алмасады. Сонымен қатар осы технологиялардың келуімен еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігі артады және тұтастай алғанда корпоративтік басқару жақсара түседі.
Айта кетейік, жеңілдіктер АЭА аумағында жұмыс істейтін және арнайы экономикалық аймақтың талаптарына жауап беретін тауарларды сататын инвесторларға да әсер етеді.