Jastar Fest - табысқа жету жолы

Jastar Fest - табысқа жету жолы

Өз ісіңізді қалай бастап, қалай пайда табуға болады? Бұл сұрақтарға Павлодарлық жастар Jastar Fest республикалық форумында жауап алды. Еліміздің әр өңірінен келген, түрлі салада табысқа жеткен тәжірибесі бар өршіл жастар өз ойларымен бөлісті. Олардың алдында қандай мүмкіндіктер ашылды?

Jastar Fest табыс тапқысы келетіндер үшін бірегей жоба. Себебі мұнда өз ісін алға ілгерлеткендерді кездестіріп мол тәжірибе алуға мүмкіндік бар. Әркім өз оқиғаларымен бөліседі, ашық айтады. Қостанайлық  Фермер Жәнібек Кенжебаев солардың бірі. Ол аграрлық салада жетістікке жеткен жан.