Омарташылар мемлекеттен қолдау сұрады

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, жыл сайын 1000 тоннаға дейін бал экспорттауға қабілетті. Қазір отандық өнімді Қытай, Араб Әмірліктері, тіпті Кипр сатып алады. «Алайда саланы толыққанды дамыту үшін субсидиялау ережелерін қайта қарау қажет», – дейді республикадағы омарта шаруашылықтарының жетекшілері.

Олардың айтуынша, шығарылған өнімнің шығындары өтелсе, бұл тиімді мемлекеттік қолдау болады. Ал бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ара шаруашылығын дамыту үшін шикізаттың өзіне, яғни бал ара ұяларын сатып алуға жұмсалатын шығындарын ғана өтейді.

Владимир Гайламазян, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Менің ойымша, нәтижелі жұмыс істеп бал өндіріп отырған өндіріске төлеу керек. Қазіргідей омартаның ұясына емес. Өйткені ара биыл болса, келер жылы жоқ болуы мүмкін. Сондықтан дайын өнімге субсидия берілсе, нәтиже болады.