Қазақстанда газ бағасына мемлекеттік реттеу енгізіледі

Сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат сұйытылған көгілдір отынның бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізуге, сонымен қатар оның ашықтығына бағытталған. Заң жобасы сондай-ақ, сұйытылған газды көтерме саудада өткізу туралы ақпаратты жинауды көздейді және оның нарықтағы барлық процестерді барынша автоматтандыру мен цифрландыруды көздейді.

Сонымен қатар сұйытылған газ нарығының инфрақұрылым нысандарының анықтамалары мен функционалдық мүмкіндіктері нақтыланада. Бұл өнеркәсіптік кешендерге, газ құю станцияларына қатысты. Өңір ішінде газ лимитін бөлу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі де артып келеді. Саланы цифрландырудан кейін деректерді талдау негізінде ақпараттық жүйеде тарату процесі жүреді деп күтілуде. Мұның барлығы нарықты реттеуге мүмкіндік береді, деп атап өтті депутаттар.