Лудоманияға тәуелділік бала кезден қалыптасуы мүмкін
Лудоманияға тәуелділік бала кезден қалыптасуы
мүмкін. Қазақпарат агенттігіне сұхбат берген психолог маман осылай дейді.
Сондықтан Дина Копобаева қолынан телефон түспейтін, түрлі ойындарды құмарта
ойнайтын балаларға бақылауды күшейту керек дейді. Еске салайық, қазір елде
лудоманияға шалдыққандар саны 350 мыңнан асады. Бұл ресми дерек. Ал, бір ғана
Қарағандыдағы психикалық денсаулық орталығында 18 бен 50 жас арасындағы 3 адам
ем алуда. Жалпы өңірде 8 адам осындай
көмекке жүгінген. Олардың арасында жасөсіпірімдер, тіпті, әйелдер де бар.

