Қазақстандық 12 ЖОО әлемдік рейтингке кірді

Қазақстандық 12 ЖОО әлемдік рейтингке кірді

Алғаш рет қазақстандық 12 Жоғары Оқу Орны 2024 жылғы тұрақты даму көрсеткіші бойынша үздік университеттердің қатарына кірді. Оларды қоғамдық ықпал ету, қоршаған ортаға әсер ету және басқару моделі секілді критерийлер бойынша бағалаған. Барлығы рейтингте әлемнің 95 елінен 1397 Жоғары Оқу Орны сараланды. Былтыр басталған қанатқақты жобада олардың қатары екі есе аз болған.  Аталмыш бағалау тізімінің үздік бестігін осы жолы Канада, АҚШ, Ұлыбритания және Жаңа Зеландия университеттері бастады.