Қазақстанда IT саласы бойынша көрсетілген қызметтер құны 646 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда IT саласы бойынша көрсетілген қызметтер құны 646 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда IT саласы бойынша көрсетілген қызметтерге сұраныс артқан. Былтыр бұл салада қызмет көрсету көлемі 646 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды «Энерджипром kz» порталы. Негізгі тұтынушылары – отандық кәсіпорындар. Заңды тұлғалардың үлесіне 575 млрд теңгеден астам қаражат тиесілі болды. Бұл бағыттағы көшбасшылар қатарында Алматы, елорда және Қарағанды ​​облысы бар. Ұсынылатын қызмет түрлеріне келетін болсақ, ең көп көлем бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және қолданбаларды орналастыруға тиесілі. Сондай-ақ, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау, ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялар және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару секілді ұсыныстар ға тапсырыс көбірек түскен.