«Junior Eurovision-2021»: Ұлттық іріктеудің финалистері белгілі болды

«Junior Eurovision-2021»: Ұлттық іріктеудің финалистері белгілі болды

«Junior Eurovision-2021» байқауы Ұлттық іріктеуінің финалистері анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Junior Eurovision-2021» байқауының үшінші кезеңі, яғни онлайн дауыс беру сатысы 12 қазан күні түнде аяқталған еді. Шыққан нәтиже бойынша Ұлттық іріктеудің финалистері белгілі болды.

Айта кетейік, 6 қараша күні Хабар арнасының тікелей эфирінде Ұлттық іріктеуде Қазақстан атынан қатысып, ел намысын қорғайтын финалисті анықтайтын боламыз.

Биыл «Junior Eurovision» байқауының финалы Франция астанасы Парижде дәстүрлі форматта өтеді. Еуропаның ең танымал ән додасына 19 мемлекет өз өнерпаздарын аттандырмақ.