Қ. Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қ. Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Бұл – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз», - деп атап өтті Президент. Ол өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін еске салды. Сондай-ақ, биыл «Балалар жылы» аясында әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Жылдан жылға бұл бағыттағы жұмыс күшейтіле түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады, деді Президент.