Қаңтар оқиғасы кезінде үш мыңға жуық қару ұрланды

Қаңтар оқиғасы кезінде үш мыңға жуық қару ұрланды

Қаңтар айының басында Қазақстанда жасалған жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік актілері бойынша прокуратурада 180-нен астам іс тергелуде. Барлығы 3 096 соталды ісі тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері арнайы брифинг барысында мәлім етілді. Ақпаратқа сәйкес, 741 азамат тонау, қару-жарақ ұрлау, тәртіп сақшыларына күш қолданды деген күдікке ілінген. Олардың 113-і бұған дейін сотталған болса, 42 қатысушы – республикада тыйым салынған экстремистік топ мүшесі.

Жалпы қаңтар оқиғасы кезінде барлығы үш мыңға жуық қару ұрланды. Әзірге тәртіп сақшылары олардың үштен бір бөлігін ғана тапты.