Қаңтар оқиғасына қатысты 2 мыңнан астам сараптама тағайындалды

Қаңтар оқиғасына қатысты 2 мыңнан астам сараптама тағайындалды

Қаңтар оқиғасына қатысты 2 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінен хабарлады.

Айта кетейік, жаппай бүлік кезінде қаза болғандардың өлім себебін анықтау сот сарапшыларына жүктелді. Зертханалық зерттеулер 30 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Сарапшылар штатын күшейту үшін Алматы қаласына аймақтардан қосымша 26 маман жұмылдырылды. Сот сараптама орталығының хабарлауынша, олар қажетті зерттеулерді сол жерде жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде зардап шеккен аймақтарға қосымша сарапшы мамандар тартылады.