Қар, бұрқасын, қашықтан оқу режимі: Қазақстанда күн күрт суып кетті

Қар, бұрқасын, қашықтан оқу режимі: Қазақстанда күн күрт суып кетті

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Ел бойынша 500 арнайы техника жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың текшеметр көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. Мамандар өткен тәулікте қар құрсауынан 65 көлікті шығарды, деп хабарлайды ҚазАвтожол баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін елорда мектептері мен колледждер толығымен қашықтан оқыту режиміне көшірілді.