Қарағанды тұрғыны 777 шақырымды жаяу жүріп өтті

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 777 шақырым. 23 шілде күні Қарағандыдағы Қаныш Сәтбаев ескерткішінің алдынан жолға шыққан Асхат Қажытай 12 күн ішінде дәл осы шақырымды жүріп өтіп, Ұлытауға жетті. Ұлы мұрат жолындағы желаяқты жолда Жаңаарқа ауданының игі жақсылары күтіп алып, сый-құрмет көрсеткен. Ұлытау жұрты да Асхатты бар сән-салтанатымен қарсы алды. «Мақсатым – қазақ даласындағы киелі жерлерді, тұмса табиғатты әлеуметтік желі арқылы көпшілікке таныстырып, ішкі туризмді насихаттау», – дейді Асхат.

Айта кету керек, Асхат бұған дейін де Арқаның ең биік нүктесі Ақсораңға жаяу барған болатын. Ультрамарафоншы Қарағанды, Ұлытау сапарын биіктігі 1133 метр болатын Әулиетауда түйіндеді. Алдағы уақытта ол Еуропаны жаяу бағындыруды жоспарлап отыр.

Авторы: Әсел Күшенғалиева