Үкіметте «Қазақстан Даму банкі» АҚ реформалаудың жай-күйі талқыланды

Үкіметте «Қазақстан Даму банкі» АҚ реформалаудың жай-күйі талқыланды

Қазақстан Даму банкі өтелу мерзімі ұзақ, ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады. Олар республика үшін стратегиялық және экономикалық маңызға ие болуы тиіс. Қаржы институтын реформалау жоспары Үкіметте талқыланды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға назар аударуы тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», – деп атап өтті Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.