Қаржы пирамидасы халықтан 9 млрд теңге жинаған
Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, «Sax Invest» компаниясы халықтан 4 жылда 9 млрд теңге жинаған. 3 мыңнан астам адамды «Аз ақша салып, мол табысқа кенелесің», - деп алдаған компания өзін инвестициялық қор ретінде таныстырған. Бірақ көпшілік пайда көрмек түгілі, салған қаржысын ала алмай қалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
– Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырғаны және жарнамалағаны үшін, 35 адам мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

