Қайырымдылық кеште 90 млн теңге жиналған

Елордада өткен қысқы қайырымдылық балында 90 млн теңгеден астам қаржы  жиналды. Түскен қаражат ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына жағдайлар жасауға бағытталмақ. Қайырымдылыққа үндейтін шараны жыл сайын «Болашақ» корпоротивтік қоры ұйымдастырады. Бұл осымен 14-ші қысқы бал. Айта кетейік бұған дейін мұндай игі шаралардан жиналған қаражат көбіне мектептерде инклюзивті білім беруді дамытуға жұмсалатын. Бұл жолы колледждерге де көңіл бөлу көзделген. Қазіргі таңда студенттерді жан-жақты қолдауға бағытталған қанатқақты жобалар пилоттық режимде жүзеге асырылуда.

Динара Гаплан, председатель попечительского совета фонда «Болашақ»:
- Бұған дейін өткен барлық қысқы балдардың арқасында 800 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Жиналған қаражатқа Қазақстанның 22 қаласында 58 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жарақтандырдық. 

Эльдар Сәрсенов, қысқы қайырымдылық балының қатысушысы:
- Біз бүкіл команданың атқарған жұмысына алғыс айтамыз. Олар қойған мақсаттары айқын. Олар әлеуметтік аз қамтылған отбасына қол үшін беріп келеді.

Кеште аукцион ұйымдастырылып, Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы 15 миллион теңгеге сатылды. Ал күміс көмей әнші Димаш Құдайбергеннің костюмі қайырымдылық қаражатына тағы 5 миллион қоса түсті.

Бейбіт Әлібеков, журналист:
- Мен жыл сайын қайырымдылық аукционды өткіземін, қатысушылар мұнда игі іс жасау үшін жарысады. Бұл ең бастысы.