Қазақстан алғаш рет жер бетіндегі ең экологиялық таза 100 орынның рейтингіне енді

Катонқарағай паркі Қазақстаннан алғаш болып Green destinations Top 100 Stories әлемдік рейтингіне енген табиғи мекен атанды.  Бұл аймақ әлемнің 170 орындарының арасынан іріктелді. Сарапшылардың айтуынша, экологиялық таза өңірлер тізімі тұрақты туризм жөніндегі жаһандық кеңеспен мойындаған талаптарға сәйкес құрылады. Яғни тұмса табиғатымен ерекшеленетін бірегей аймақтар қатарынан көріну үшін  осы аумақты басқару мен дамытудағы тиімді шешімдердің қолданылуы мен туристерге тартымды болатын кешенді  мәдени бағдарламаларды ендіруі тың серпін берген.  Айта кетейік, Катонқарағайдың бұл тәжірибесі енді өзгеде таңдалған экологиялық және Ұлттық парктермен қатар басқа елдермен туристік бағытта шеберлік алмасу үшін қолданылатын болады.