Қазақстан Ауғанстанға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Ауғанстанға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті

Кабулға 155 тонна азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтар, сондай-ақ жылы киімдер мен дәрі-дәрмектер артылған жүк жөнелтілді. Ауғанстанға қазақстандық делегация барып, қазіргі әкімшілік өкілдерімен кездесіп қайтты. Еліміздің өкілдері Ислам Республикасындағы қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталып, қалпына келтіру уақыты келгеніне сенім білдірді. Сонымен қатар тараптар сауда көлемін одан әрі арттыруға келісті.