Қазақстан цифрландыру бойынша әлемде 24-орында тұр - Үкімет
Қазақстан цифрландыру бойынша әлемде 24 орында тұр. Ал онлайн қызмет
көрсету жағынан үздік ондыққа кіреді. Ақпараттарды біріктіру платформасы да
іске қосылып, киберқауіпсіздік бойынша заң қабылданған. Қазір елде ІТ
бағытындағы компания саны 18 мыңға жетіпті. Олар соңғы бір жарым жылдың ішінде
1,2 триллион теңге пайда тапқан. Бүгінде Қазақстаннан шыққан ІТ өнімдерді сатып
алушылар қатары да көбейген. Мәселен, 2025 жылы ІТ экспортынан 140 млрд теңге
кіріс кірген. Тәжікстан біздегідей eGov латформасын жасамақшы. Оған қазақ
мамандары тартылмақ. Ендігі белес суперкомпьютерді дамыту. Alem-AI орталығы
бұған мүмкіндік беруі тиіс. Ашылуы 2 қазанда Президенттің қатысумен өтті. Оны
Орталық Азия елдері де қолануды ниетті. Бұл бірінші кезекте ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Alem.Cloud дүние жүзіндегі ең қуатты
500 суперкомпьютердің ішінде 86-орында. Мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар,
стартаптар және жеке компаниялар өтініш беріп, қолданып жатыр. Әрине, мұның
бәрі еліміздің 34 жылда бір орында тұрмай, жаһандық тенденцияға сай дамуымыздың
басты көрсеткіші. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үшін жылда «Цифрлы Қазақстанға»
айналуға тапсырма берген.
Омар Аль-Олама, БАӘ Жасанды интеллект министрі:
- Мен Қазақстанда болашаққа бағытталған, көзқарасы кең, әлеуеті жоғары
бірнеше компанияны көрдім. Біз олардың БАӘ-ге келіп, мұнда кеңселерін ашып, өз
өнімдері мен қызметтерін Таяу Шығыс нарығына шығара отырып кеңейгенін қалаймыз.
Әсіресе финтех саласында бізде нақты мысалдар бар деп ойлаймын.Толық келісемін.
Айта кету керек, финтех бағытында сіздер кем дегенде өңірлік, тіпті ғаламдық
деңгейдегі көшбасшысыздар деп есептеймін.

